ҚЫЗЫЛОРДА ТҰРҒЫНЫ 4-ҚАБАТТАН ҚҰЛАП КЕТТІ

2 524

        Фото: ©Opennews.kz коллажӘлеуметтік желіде Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің маңында болған оқиға түсірілген видео тарады. Осыған байланысты Қызылорда Полиция департаменті түсініктеме берді, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

 Полицияның мәліметінше, оқиға 11 тамыз күні сағат 02:30 шамасында Есенов көшесінде болған. Көпқабатты үйдің 4-қабатынан 34 жастағы әйел құлап кеткен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем тобы барған. Азаматшаға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін қалалық ауруханаға жеткізілген.

 Алдын ала мәлімет бойынша, әйел терезеден абайсызда құлап кеткен. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.