Алматыда мектеп оқушысы тоғыз қабатты тұрғын үйдің шатырынан құлап, көз жұмды

311

Фото: polisia.kzАлматы облысы Бесағаш ауылында 11 жастағы мектеп оқушысы тоғыз қабатты тұрғын үйдің шатырынан құлап кетті.


Қайғылы жағдай 24 мамыр күні кешке болған.


 "Үлкендердің қарауынсыз қалған 2009 жылғы бала 9 қабатты тұрғын үйдің шатырында балалармен ойнап жүріп, абайсызда құлап кеткен. Салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды", - дейді Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті.


 Азаттық рухы басылымының мәліметінше, көз жұмған 11 жасар бала бүгін 5-сыныпты бітіруі тиіс болған. 


Ол екі қыз баламен бірге құрылысы аяқталмаған ғимараттың төбесіне шығып ойнаған. Ғимарат бала тұрған үйге қарсы орналасқан. 


лматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің дерегінше, жасөспірім үйлер арасындағы саңылауға түсіп кеткен. 


Әкімдіктің хабарлауынша екі қабырғаның арасында саңылау жұқа қаңылтырмен жабылған. Қабырғалар арасындағы қашықтық шамамен 20-30 см.


 Аудан әкімі Қайдар Абдыханов оқиға орнына барып, тиісті қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуді тапсырды.


 Қазіргі уақытта қайғылы жағдай бойынша тексеріс басталған.