Арыста үйінен қашып кеткен 15 жасар қыз Шымкентте жалдамалы пәтерден табылды

276

Фото: pixabay.com26 мамыр күні сағат 10:00-де әл-Фараби аудандық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Н.Жусипов өзінің белгіленген аумағында жұмыс атқару кезінде жалдамалы пәтерде 2006 жылғы жасөспірімнің жалғыз тұрып жатқанын анықтаған. 


Сұрастыру барысында Түркістан облысы Арыс қаласынан жасөспірім өз үйінен кетіп қалғанын айтып түсіндірді.


 Содан соң тәртіп сақшысы жасөспірім қыздың ата-анасының ұялы телефонына хабарласып, анасына табыстады. 


Өз кезегінде жоғалған қыздың анасы шымкенттік полицейлерге алғысын айтып, ризашылығын білдірді.


 Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысының құтқарушылары Төле би ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жоғалған жеті адамды іздестіріп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз. 


Кейін Түркістан облысында жоғалған жеті адам туралы тың деректер пайда болғанын жазған едік.
 Отырар арнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткендердің алтауы - Назарбаев Университетінің 4 курс студенттері. Ал біреуі Кентау лицейінің түлегі.


 Екі жігіт - Ақтөбе, үшеуі - Атырау, қалғаны Орал және Жезқазған қалаларынан. Құтқарушылар тауға кеткен жеті адамды төрт күннен бері іздестіріп жатыр.