Атырауда 24 млн теңгенің есірткісін сатпақ болған діни ағым өкілдері ұсталды

314

Фото: polisia.kz"Қарасора-2021" жедел алдын алу іс-шарасы аясында Атырау облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл және Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Атырау қаласы аумағында Орал қаласынан келіп синтетикалық есірткі сатпақ болған 1998 және 1999 жылы туған екі күдіктіні ұстаған. 


Ұсталған кезде күдіктілерден ішінде синтетикалық есірткі бар зип пакеттергер оралған 46 түйіншек табылған.


 Сонымен қатар, олардың жалға алған пәтерінен екі пакетке оралған синтетикалық есірткі заты мен 100 дана дайын бетбелгі тәркіленген.


 Полицияның мәліметінше, нәтижесінде жалпы сомасы 24 млн теңгеге жуық синтетикалық есірткінің 2 400 бір реттік дозасы заңсыз айналымға жіберілмеген. 


Қазір аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер соттың санкциясымен Атырау қаласының тергеу изоляторына қамалған. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.