ТАРАЗДА ЗИРАТ ҚҰЛЫПТАСТАРЫНДАҒЫ МАРҚҰМДАРДЫҢ СУРЕТІН БОЯП, ҚОРЛАҒАН

973

Фото: видеодан скриншотТараз қаласы маңындағы «Тектұрмас» қорымына жерлерген марқұмдардың құлпытастағы  суреттерін белгісіз біреулер  бояп кеткен.

Ондағы бас-аяғы 12 мола суреті зақымданып отыр. 

Мұндай жантүршігерлік жағдайды  қорымның директоры Қадырхан Абдуллаев байқап қалған. – Бұл теріс ағымдағы азаматтардың тірлігі сияқты. Себебі дәл осындай жағдай бірер жыл бұрын Шымкент қаласындағы қорымда да болған.

Онда теріс ағымдағы  мола қарауылы  осылайша өзінің діни көзқарасын көрсеткен болатын. Біз марқұмдардың суретіне жағылған бояулардың барлығын кетірдік. Бірақ бұны былай қалдыруға болмайды. Облыстық полиция департаментіне шағым түсірдік. Тез арада вандализммен айналысқандарды тауып, жазасын беру қажет, – дейді
Қ.Абдуллаев.

Облыстық Полиция департаментінің басшысы Жанат Сүлейменов бұл мәселені жіті бақылауына алғанын айтып отыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.