ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚЫРАШ АУЫЛЫНДАҒЫ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

1 508

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ  ӘКІМІ ҚЫРАШ АУЫЛЫНДАҒЫ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан жұмыс сапарымен Қыраш ауылдық округіне барып, Қаратау көшесіндегі автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Нысан басында жауапты сала басшылары мен мердігер мекеме өкілдерінің есебін тыңдаған аудан әкімі құрылыс жұмыстарының сапасы мен қарқынына ерекше назар аударып, барлық жұмыстардың бекітілген жобаға және қолданыстағы құрылыс нормаларына сәйкес орындалуын тапсырды. Сонымен қатар, жұмысты белгіленген мерзімде сапалы аяқтау жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

Айта кету керек, ұзындығы 2,4 шақырым болатын Қаратау көшесін күрделі жөндеуден өткізуді «Аксар Строй» ЖШС жүзеге асыруда. Ал техникалық қадағалауды «Alash Orda Group» ЖШС жүргізуде. Жоба облыстық бюджет есебінен қаржыландырылуда.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.