Қызылордада табиғи монополия талабын бұзған ауруханадан айыппұл өндірілген

1 511

Фото: PexelsҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Жаңақорған аудандық көпбейінді орталық ауруханасының ауызсу беру және су бұру жүйесін пайдалану қызметіне жүргізілген жоспардан тыс тексеру қорытындысын жариялаған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Кәсіпорын тіркелімге енгізу туралы өтінішпен департаментке жүгінбеген.

Атап айтқанда, табиғи монополия саласына тиесілі қызмет көрсеткен. Тұтынушылардан сумен жабдықтау қызметі үшін 6,5 млн теңге көлемінде және су бұру қызметі үшін 1,2 млн теңге көлемінде кіріс түсірген. Табиғи монополиялар туралы заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың уәкілетті орган қалыптастыратын тізімі табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімі болып есептеледі. Тіркелімге енбеген тұлғалар реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсына алмайды. Кәсіпорын заңның 11-бабының талаптарын сақтамаған. Нәтижесінде әкімшілік іс қозғалып, заңбұзушылықты жою туралы нұсқама берілді. Қызылорда қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен аурухана әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Құқық бұзу арқылы алынған 1,2 млн теңге кіріс сомасы мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, — делінген хабарламада. 

Қазіргі кезде айыппұл толық көлемде өндірілген.

Еске салсақ, елімізде бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында «Табиғи монополиялар туралы» ҚР заңына өзгерістер енгізілген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.