Қызылордада жол апатынан 20 жастағы жігіт көз жұмған
Қызылорда облысында адам өлімімен аяқталған жол апаты болған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 2-ші ақпан күні сағат 13.45 шамасында Сырдария ауданының Шаған ауылы тұсындағы Қарабұтақ–Қызылорда–Шымкент тас жолында тіркелген.
Тереңөзек кентінен Ақжарма ауылына қарай бағыт алған газбен жүретін «Audi 80» автокөлігі қарсы бағытта келе жатқан Шекара қызметі департаментіне тиесілі «Урал» қызметтік көлігімен соқтығысқан. «Урал» көлігінде жүргізушіні қоса алғанда 23 әскери қызметкер болған. Соқтығыс салдарынан «Audi» автокөлігі өртеніп, 20 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмған.
Осы орайда полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол ережесін сақтауға шақырады.







