"Ел Үні – 2023": Сыр өңірінің басшысы үздік 5 әкімнің қатарына енді

2 346

Stan.kz ақпарат порталы өңір тұрғындарының пікірін білуге бағытталған әкімдердің "Ел Үні – 2023" рейтингтік жобасын ұсынған болатын, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Үздік әкімдерді анықтау үшін дауыс беру 24 қаңтардан 15 сәуірге дейін қол жетімді болды. Сайыс қорытындысы бойынша 20 өңір басшысының ішінен үздік 5 әкім анықталды. Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша "Ең лайықты", "Тұрғындар үміті" номинациясы бойынша жеңімпаздар анықталды. Дауыс беру нәтижелері ашық көрсетілді. 


“Қазақстандағы мемлекеттік тілдегі ең ірі онлайн-медиа Stan.kz-те өткізілген "Ел үні" рейтингі қандай да бір асыра сілтеусіз жүзеге асты. Бұл, шын мәнінде, халықтың аймақтық билікке көзқарасының маңызды көрсеткіштерінің бірі. Оқырмандарымызға азаматтық белсенділігі үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Сондай-ақ, лауреаттарға марапаттау кезінде уақыт бөлгені үшін алғыс айтқым келеді және алдағы істеріне сәттілік тілеймін!”, – дейді Stan.kz даму жөніндегі директоры Шыңғыс Мәдібек. 



“Тұрғындар үміті” номинациясы бойынша жеңімпаздары Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды атанды. 


“Ең лайықты әкім” номинациясы бойынша жеңімпаздар: 


Шымкенттің бұрынғы әкімі – Мұрат Әйтенов

Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі – Ералы Тоғжанов

Қызылорда облысының әкімі – Нұрлыбек Нәлібаев


Биыл президентіміз бен үкіметтің сыр өңірін ерекше қолдауының арқасында Нұрлыбек Нәлібаевтың ұйымдастыруымен 2023 жылғы тамыз айындағы жағдайға сәйкес облыс бюджеті 604 миллиард 100 миллион теңгеге жетті. Өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда бюджет көлемі 220 миллиард теңгеге, яғни 56,2 пайызға көбейді. 


Облыс бюджетінің 64%-ы әлеуметтік салаға бағытталған. Сонымен қатар ол шикізатқа тәуелділікті төмендету мақсатында экономиканы әртараптандыруға бағытталған жобалар қолға алды. 


Индустрияландыру аясында өңірде 607,7 миллиард болатын 34 жоба жүзеге асырылуда, бұл 6,3 мың адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Құрылыс саласына биылғы жылы 72 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл қаражатқа өңірде көптеген заманауи нысандар бой көтеруде. Биыл облыс көлемінде 41 миллиард теңгеге 2 мың 924 пәтерлік 44 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Осы жылы 2 мың 430 пәтерлік 38 көпқабатты тұрғын үй халық игілігіне табысталады.


Қызылорда қаласында құны 1 млрд. 600 млн. теңгені құрайтын Неке сарайын жақын күндері пайдалануға беретін боламыз.

3 милливрд 700 миллион теңге болатын 1000 орындық Өнер орталығы алдағы желтоқсан айында, ал, сол жағалауда құны 2 млрд. 700 млн. теңгені құрайтын Қан орталығы 2024 жылдың басында пайдалануға беріледі. "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында алдағы 3 жылда облыста құны 100 млрд. теңгеден асатын 21 мектептің құрылысы жүргізіледі. 


Оның ішінде, 10 мектеп жақын күндері, қалған 11-і келесі жылы басталады. 2025 жылы барлығын толықтай ел игілігіне табысталады. 


Қалада дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернатының құрылысы басталды. Жобаның құны – 7 млрд. 900 млн. теңгені құрайды. 2024 жылы пайдалануға беріледі.


"Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында 2023-2024 жылдары облыста 27 денсаулық сақтау нысаны салынады. Биылғы жылы 16-ның құрылысы жүргізілуде.


Осы жылы Қызылорда қаласында бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы басталды. Құны 36,4 миллиард теңге болатын нысанның құрылысы 2025 жылы аяқталады.


Қызылорда қаласының сол жағалауында "Көпсалалы дене шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысы" жобасы оң шешімін тауып, республикалық маңызы бар спорт ғимаратының құрылысы басталды. Жоба құны – 6 млрд. 900 млн.теңге.


Бұдан бөлек, 7 мың адамға арналған "Қайсар" футбол командасының заманауи стадионының құрылысы жақын күндері басталады. Жоба құны шамамен – 20 миллиард теңге 975 миллион теңгені құрайтын заманауи талаптарға сәйкес жаңа автовокзал құрылысы салынуда. Жыл соңында пайдалануға беріледі.


"Қазақстан темір жолы" компаниясымен бірлесіп Қызылорда қаласындағы темір жол вокзалына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 


Инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымын дамыту маңызды мәселелеріміздің бірі. 


Облыс халқының 98,1 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізуге жұмыстар жасалуда (230 елді мекеннің 198-і су жүйесіне қосылған).


Өткен жылы 6 ауылдық елді мекен көгілдір отынға қосылып, халықты газдандыру деңгейі 70 пайызға жетті. Биыл 12 ауылдық елді мекенді газдандырамыз. Осылайша өңірдің газбен қамту деңгейі 75 пайызға жеткізіледі.


2022 жылы жергілікті маңыздағы 366 шақырым автомобиль жолы жөндеуден өткізіліп, жақсы жағдайдағы үлесі 82 пайызды құрады, биыл бұл көрсеткішті 87,5 пайызға жеткіземіз. 


Ол үшін республикалық және облыстық бюджеттен барлығы 36 миллиард теңге бөлініп (РБ – 19,6 млрд. тг, ОБ –16,4 млрд. тг), ұзындығы 569 шақырымды құрайтын автомобиль жолы жөндеуден өткізілуде. Оның ішінде, қаланың автомобиль жолдарын жақсарту мақсатында барлығы 12 миллиард 473 миллион теңге бөлініп, 320 көшеге қайта жаңғырту, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.