Қызылордада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы белсенді жүзеге асырылып жатыр

2 315

Фото: Қызылорда облысы әкімдігіЕліміздің ертеңi жас ұрпақтың жоғары деңгейде бiлiм алуына көңіл бөлу – мемлекетiміздің ең маңызды мiндетi. Осы ретте, Президент бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» жобасы аясында еліміздің түкпір-түкпірінде мектептер ашылуда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, «AMANAT» партиясының мүшелері Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов және партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов Қызылорда қаласының Арай шағын ауданындағы 1500 орындық «Жайлы мектеп» құрылысын көрді.

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатқан жаңа мектептің құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүруде. Нысанының бүгінгі жай-күйімен «АбуСер» ЖШС мердігер ұйым өкілдері таныстырды.

Қазіргі таңға құрылыс жұмыстарының 67% орындалған. Қабырға кірпіштері қаланып, сыртқы беттері сенвич панельмен қапталған.Төбе шатыры жабылған. Ішкі инженерлік сеть жұмыстары 57% орындалып отыр, ішкі қабырғаларының әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын. Сыртқы абаттандыру жұмыстары 25% орындалса, сыртқы электр жүйелері толығымен аяқталған.

Сенат депутаттары мектептің заманауи талаптарға сай болуын және оқушылар үшін жайлы жағдай жасалуы керектігін айтты. Сондай-ақ, мердігер мекеменің жауапты қызметкеріне құрылыстың сапалы әрі өз мерзімінде аяқталуын тапсырды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.