Аралға көмек толастар емес

333
Өңірдегі қуаңшылық жағдайына орай Болат Өтемұратов қоры есебінен қомақты қаржы бөлінген болатын. Қазіргі таңда жоспарға сәйкес тұрғындарды мал азығымен қамту шаралары жүргізіліп келеді деп, хабарлайды Kyzylorda-news.kz

Арал қаласына жеткізілген 1700 қап жем 85 отбасына таратылып берілді. Алдағы уақытта да келген жем-шөпті мал ұстап тұрғындарға үлестіру жұмыстары жалғасатын болады.

Сонымен қатар Шиелі ауданы Жиделіарық ауылдық округі Арал ауданының Райым ауылына көмек ретінде 300 дана жоңышқа орамын жөнелтті.

Игі шараның ұйымдастырушылары «Жиделіарық» және «Жиделі-1» шаруа қожалықтары, ерікті азаматтар мен қоғам белсенділері.

Еске сала кетейік, Арал ауданында қатты ыстық пен жауын-шашын мөлшерінің аз болуына байланысты қуаңшылық жағдай орын алып, салдарынан төтенше жағдай режимі жарияланған болатын.
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.