Қызылордада директор мен бухгалтер жалақыны 10 жыл бойы жымқырғаны үшін сотталды

1 882

Фото:©Baq.kz/АрхивіҚызылорда облысында мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен ұйымдастырылған бюджет қаражатын ұзақ жылдар бойы жымқыру схемасы әшкереленді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Сот анықтағандай, ауылдық клубтың бухгалтері мекеме директорымен бірлесіп, қызметтік өкілеттігін пайдалану арқылы жүйелі түрде 10 жылдай бюджет қаражатын жымқырып отырған. Қылмыстық әрекет жұмысшыларға жалақыны артық мөлшерде аударып, кейін түрлі сылтаулармен (қате есептеу, шоттың бұғатталуы және т.б.) сол қаражатты кері қайтарып алу арқылы жүзеге асырылған. Бұл ретте, қызметкерлердің көпшілігі басшылықтың заңсыз әрекеттерінен бейхабар болған.

Олар 36 млн теңге жымқырған, сол үшін сот оларға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Сот бухгалтерге «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» 2025 жылғы 23 маусымдағы Заңның 3-бабы 3-тармағының 1-тармақшасын қолданып, жазаны 1/3 бөлігіне қысқартып, 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын белгілеген, - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Алайда сот актілерінің заңдылығын тексеру барысында рақымшылық заңының дұрыс қолданылмағаны анықталған. Осы санаттағы істер бойынша аталған Заңның 3-бабы 5-тармағының арнайы нормасы ғана қолданылуға тиіс.

Бас прокуратураның наразылығы бойынша Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот апелляциялық инстанцияның қаулысын өзгертті. Бухгалтердің жаза мөлшері 5 жыл 7 айға бас бостандығынан айыруға ұлғайтылды, - делінген хабарламада. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.