Қызылордалық кәсіпкердің өнімдері жоғары сұранысқа ие болды
2 344
Ботагөз Арқашбаева асыл тұқымды ешкі өсіру жобасын жолға қойып, бүгінде сұранысқа ие табиғи өнімдер шығаруда,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ботагөз – кәсіби биші. Ол мамандығы бойынша Шиелі ауданына қарасты Ыбырай Жақаев ауылындағы балабақшада музыка жетекшісі қызметін атқарады. Жеке кәсіппен айналысып жүргеніне 7 жылдан асты.
«Халқымызда «Әке көрген – оқ жонар, ана көрген – тон пішер» деген жақсы мақал бар ғой. Кәсіпке келуіме анамның көрсеткен үлгісі себепші болды. Анам ешкі өсіргенді ұнатады. Сол қызығушылығын кәсіпке айналдырса қалай болар екен деп ойлана келе осы істі қолға алдым. Оның үстіне өзге үй жануарларына қарағанда ешкіге азық аздау кетеді», - дейді Ботагөз Арқашбаева.
Алғашында ол кәсібін жергілікті 10 ешкімен бастаған. Кейін саланы зерттей келе сүт бағытын таңдап, асылдандыруға көшеді.