Қызылордада 3000-нан астам сотталғанның тұрғылықты мекенжайы тексерілді

1 500

Республика көлемінде 5 қазан мен 5 қараша аралығында өткізілген «Қауіпсіз үй» профилактикалық іс-шарасы аясында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация қызметі облыстық Полиция департаментімен бірлесіп, пробациялық бақылауда тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайларын тексеру жұмыстарын жүргізді. Профилактикалық іс-шарасы аясында пробация есебіндегі 3000-нан астам азаматтың тұрғылықты мекенжайы тексерілді. Бір айға созылған профилактикалық жұмыстар барысында 139 азаматтың пробациялық бақылау талаптарын бұзғаны анықталды.

Оның ішінде

76 азамат тұрғылықты мекенжайында болмаған, 

23 азамат цифрлық пробация талаптарын бұзған,

29 азамат электрондық бақылау құралдарына қатысты заңбұзушылықтарға жол берген,

11 азамат әкімшілік құқықбұзушылық жасаған.

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша 58 азаматқа қатысты бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы сотқа ұсыныс жолданды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.