Облыс әкімі тұрғындармен жеке қабылдау өткізді

1 246

Сыр өңірінің басшысы Нұрлыбек Нәлібаев «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамовпен бірге тұрғындарды қабылдады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үй алу, жөндеу және инфрақұрылым тарту мәселелерін көтерді. 


Аймақ басшысы азаматтар көтерген түйткілді мәселелерді тиісті мамандар жіті зерттейтінін, шешімі заң талаптарына сәйкес қарастырылатынын жеткізді. Кейбір сұрақтар бойынша жауапты тұлғалар сол жерде заң аясында түсіндірме беріп, шешу жолдарын ұсынды.


Қабылдауда 53 жастағы азамат Қызылорда қаласындағы К.Нұрекешов көшесіне ауыз су мен электр жарығын тартуды сұрады. Бұл көшедегі жұмыстар алдағы жылға жоспарланды. Алдымен инфрақұрылым желілерін жүргізуге жобалық құжаттама әзірленіп, қаржысы бөлінеді.


Мұнан бөлек, Нұрлыбек Машбекұлы арендалық үйіне жөндеу жүргізу, баспанасын апатты жағдайда деп тану және кәріз жүйесін қалпына келтіру жөнінде өтініш айтып келген тұрғындардың мәселелерін зерттеп тексеруді қала әкіміне тапсырды.


Айта кетейік, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.