5 қарашада аудан әкімдерінің сайлауы өтпек

1 174

5 қарашада Қызылорда облысының Шиелі және Сырдария аудандарына жаңадан әкімдер сайланбақ, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бүгінде 2 аудандағы аумақтық сайлау комиссиялары аудан әкімі болуға ниетті кандидаттардан ұсыным құжаттарын қабылдауды аяқтады. 


Кандидаттардың ұсынылған құжаттары тексеруден өткеннен кейін тіркеу процесі жүргізіледі. Айта кетейік, кандидаттар партия атынан және өзін-өзі ұсынуға мүмкіндігі бар. Әрі қарай кандидаттар үшін үгіт кезеңі басталады. Бұл сайлауда үміткерлердің өз сайлау қорлары болмайды. Сайлаушылармен үгіт кезеңінде Қызылорда облысында әрбір кандидатқа 420 мың теңге белгіленді. Ол бұқаралық ақпарат құралдарына шығуға, үгіт материалдарын шығаруға және көліктік шығыстарды пайдалануға бағытталған. 


Айта кетейік, екі ауданда сайлау өткізуге жауапты аумақтық сайлау комиссиясы төрағаларының 20 жылдан аса тәжірибесі бар. Бүгінде Сырдарияда 18, Шиеліде 40 учаскелік комиссия жұмыс істейді. Оларда 388 комиссия мүшесі қызмет атқаратын болады. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.