Кәсіпкерлер Мемлекет басшысының марапатына ие болды

2 510

Фото: halyqline.kz Кәсіпкерлік саласында ерекше табысқа жеткен қызылордалық кәсіпкерлер Мемлекет басшысының «Алтын сапа» және «Парыз» марапаттарына ие болды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Биыл шілде айында өңірде «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсы өтті, нәтижесінде байқауда 9 кәсіпкер жеңіске жетті. Облыстық сараптама тобының шешімімен «Жылдың үздік азық-түлік өнімдері / ауыл шаруашылық өнімдерін шығаратын кәсіпорын» номинациясында «Асыл Дән» ЖШС, ал «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» номинациясында «Марал-Нұр» ЖШС жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, «Парыз-2025» байқауы бойынша «СКЗ-U» ЖШС «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясын алды.

«Марал-Нұр» ЖШС құрылтайшысы Мұрат Нұрсейітов компанияның 15 жылдан астам уақыт бойы 226 адамды тұрақты жұмыспен қамтып, 5 облысты қамтитын екі облысаралық бағытта жолаушылар тасымалы қызметін жүзеге асыратынын атап өтті.

«Асыл Дән» ЖШС директоры Нұрлан Алдамжаров компанияның күріш өнімдері Қазақстанда және шетелде тұрақты сұранысқа ие екенін, сапаны қатаң бақылау мен өндіріс процесін үздіксіз жетілдірудің арқасында осындай марапатқа қол жеткізгенін мәлімдеді.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы бұл жүлделердің  өңір кәсіпкерлерінің еңбегін бағалау және бизнестің дамуына қолдау көрсету мақсатында берілгенін айтты.