ЖЕТІҚАРАЛЫҚ ЗЕЙНЕТКЕР ҚАРАПАЙЫМ ВОЛГАНЫ КАБРИОЛЕТКЕ АЙНАЛДЫРДЫ

229

Фото: видеодан скриншотҚостанай облысы Жітіқара ауданының тұрғыны Юрис Мамедов қарапайым Волганы Кабриолетке айналдырды. Көненің көзіндей болған көлікті түрлендіру барысында өнертапқыш ескі бөлшектерді пайдаланған.

70-ке келген қария бұл іске жас кезінен ден қоя бастаған. Айтуынша, раритетті көліктерді жан рахаты үшін құрастырады. 

Өмір бойы жүргізуші болған зейнеткер мәселен осы ГАЗ-2410 маркалы Волганы қайта "тірілтіп", түрлендіруге бір жарым жыл уақытын сарп еткен.

Ол көлік салонын Италия былғарысымен қаптаған. Оның өзіне 700 мың теңге жұмсапты. 
"Бұл көліктің барлық бөлшегі қолдан жасалған. Заманауи. Тек шамдары мен бампері өзінікі. Қуаты 150 аттың күшіне тең. Қозғалтқышы инжектор. Гидрокүшейткіш орнатылған. Артқы белдемі "Чайка", дискілері "Вольвоныкі". Бес сатылы беріліс қорабы бар", - дейді Юрис Мамедов. 

Зейнеткер көліктің қаңқасынан бастап барлық бөлшегін өзі жинастырған. Кейбірін ыңғайластырып жасағанымен көліктің түр-сипатына ешқандай өзгеріс енгізбеуге тырысқан.
"Жаңа көліктерді онша ұнатпаймын.