Байқоңырда бухгалтер 30 миллион теңге ақша жымқырды деген күдікке ілінді

2 690

Фото: ашық дерек көзіБайқоңыр қаласында кәсіпорын есепшісі жұмысшылардың жалақысын заңсыз өсіріп, артынша оларды өзі жымқырған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Әйел қызметкерлерге олардың жалақысынан көп ақша аударған. Кейін жүйеде ақау болғанын айтып, ақшаны қайтаруды талап етті. Алаяқтық арқылы есепші бір жарым жыл ішінде 6,4 миллион рубль (32 миллион теңге) пайда көрген.


Күдікті Қазақстан азаматы болғандықтан, кешен прокуратурасы қаладағы қазыналық кәсіпорындардың бірінің есепшісіне қатысты қылмыстық істі жолдады. Ресей Федерациясының қылмыстық кодексінің 159-бабының 4-тармағы “Адамның қызметтік бабын пайдаланып жасаған алаяқтық” бойынша іс қозғалды”, – делінген хабарламада.

Әйел алаяқтық жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.