ҚЫЗЫЛОРДАДА КӘСІПКЕРЛЕР 34 РЕТ НЕГІЗСІЗ ТЕКСЕРІЛГЕН: КІМ ЖАУАП БЕРЕДІ?

2 519

Фото: Opennews.kz Қызылордада кәсіпкерлерге қатысты тексерулердің өзі үлкен сұрақ туғызып отыр. Сегіз айда 1327 тексеру жүргізіліп, 732 заңбұзушылық анықталған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 42%-ға көп, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап. 

 Бірақ бұдан да назар аударарлық дерек бар. Мемлекеттік органдар кәсіпкерлерге 34 негізсіз тексеру жүргізген. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Нұриддин Аманқұл мәлімдеген. Ең қызығы – мұның нақты мысалы да бар.

 Байқоңыр прокуратурасы Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының кәсіпкер жұмысына заңсыз араласқанын анықтаған. Төретамдағы дүкеннен жоспарға кірмеген тауарлар сатып алынып, кәсіпкерге сатуға шектеу қойылған. Кейін прокуратура араласқан соң қаулылардың күші жойылған. Басқарма басшысы мен бас маманы әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл салынған. 

 Алайда бұл – 34 жағдайдың бір мысалы ғана. Қалған 33 негізсіз тексеру бойынша кім жауапқа тартылды?

 Қай мемлекеттік органдар заң бұзды? Кәсіпкерлерге келген шығын өтелді ме? Негізсіз тексерулердің нәтижелері жойылды ма?

 Бұл сұрақтарға ресми ақпаратта нақты жауап жоқ. Кәсіпкер заң бұзса – жауап береді. Ал кәсіпкерді заңсыз тексерген мемлекеттік орган ше?

 Қызылордадағы 732 заңбұзушылықтың артында кәсіпкерлердің жауапкершілігі тұрса, 34 негізсіз тексерудің артында мемлекеттік бақылаудың жауапкершілігі тұр. Екіншісіне де ашық есеп керек.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.