Қызылордада жаңадан тағайындалған судьялар ант қабылдады
Қызылорда облыстық сотының төрағасы Әділхады Шығамбаев 2026 жылғы 2- ші наурыздағы Президент Жарлығын сот ұжымына таныстырған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарлық бойынша Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары болып Ринат Бегімбаев және Айнұр Қайбалдиева, Қызылорда қалалық сотының судьясы болып Нұргүл Жүнісова тағайындалған.
Шара барысында жаңадан тағайындалған судьялар Қазақстан Республикасы Судьяларының антын қабылдады.
Бұған дейін Жоғары сот кеңесінің кезекті отырысы өтіп, кеңес жанындағы комиссиялар мен сот жюриінің 2025 жылғы жұмыс қорытындылары, сондай-ақ сот жүйесін кадрлық қамтамасыз ету мәселелері қаралған болатын.







