Қызылордада 241 құқық бұзу дерегі анықталған

2 528

Фото: Өңірлік коммуникация қызметі28- ші қаңтар мен 3- ші ақпан аралығында Қызылорда облысында «Қауіпсіз аула» жедел профилактикалық іс-шарасы өткен,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараның 6 күнінде ішкі істер органының есебіндегі 1852 адамның тұрғылықты мекен-жайлары тексерілген. Ал учаскелік инспекторлар шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, маскүнемдер, нашақорлар, пробация есебінде тұрғандар мен қолайсыз отбасыларды аралап, профилактикалық түсіндірме жұмысын жүргізген.

 241 құқықбұзушылық анықталып, тиісті шаралар қабылданды. Оның ішінде алкоголь өнімін белгіленбеген уақытта сатудың – 14, қоғамдық орындарға масаң күйде келудің 166 дерегі, 42 ұсақ бұзақылық анықталды. 32 маскүнем мен 2 нашақор есепке қойылды. Белгілі тұрағы жоқ 14 адам қабылдап-тарату орнына орналастырылды, — деді облыстық полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының міндетін атқарушы Рауан Әлдешов.

Бұдан басқа 19 жасөсіпірім көңіл көтеру орнында заңды өкілінің ертуінсіз жүргені үшін ұсталған. Түнгі уақытта жалғыз өзі көшеде жүрген 5 бала бейімдеу орталығына жеткізілген.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.