Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар музейге экскурсия жасады

1 507

Фото: ҚАЖДҚызылордада пробация есебіндегі азаматтар музейге экскурсия жасады

Жалағаш ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың рухани-танымдық дүниетанымын кеңейту мақсатында «Ашық есік» күні ұйымдастырылды.

Шара аудандық тарихи-өлкетану музейінің филиалында өтіп, оған пробация есебіндегі азаматтар қатысты. Экскурсия барысында қатысушылар музейдің жаңа экспозициясымен танысып, онда қойылған көне жәдігерлерді тамашалады. Сонымен қатар туған өлкенің тарихы, мәдениеті мен өткенінен сыр шертетін құнды деректермен танысты.

Музей қызметкерлері келушілерге әрбір жәдігердің тарихы мен маңызы туралы айтып, өлке тарихындағы айтулы кезеңдер жөнінде кеңінен мағлұмат берді.

Мұндай тағылымды кездесулер пробация есебіндегі азаматтардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып қана қоймай, олардың тарихи-мәдени құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға, рухани тұрғыдан дамуына ықпал етеді.

Пробация есебіндегі азаматтар мәдени орыннан рухани азық алғандары үшін ұйымдастырушыларға алғысын айтты.

– Бүгін музейден көп нәрсе білдім. Бұрын өзім тұратын ауданның тарихына мұндай тереңірек мән бермеппін. Көне жәдігерлерді көріп, ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігі туралы тың деректермен таныстым. Осындай мәдени шаралардың адамға ой салып, өткенді бағалауға ықпал ететініне көз жеткіздім, – деді ол.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.