«Таза Қазақстан» эко-эстафетасы Қызылордада қорытындыланды

2 250

Фото: Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметіБір апта бұрын Алматы қаласынан басталған «Таза Қазақстан» road-эстафетасы Қызылордада қорытындыланды. Ауқымды экологиялық бастама 1200 шақырым автожол бойын тұрмыстық қалдықтардан тазарту мақсатында ұйымдастырылды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Эстафета құрамында «AMA­NAT» партиясы жанын­дағы «Жастар рухы» жастар қана­тының төрағасы Ақерке Искан­дирова, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісін­дегі «AMANAT» партиясы фрак­ция­сының мүшелері Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Амантай Жарқынбекұлы, облыстық және аудандық мәс­лихат депутаттары, экоблогерлер, еріктілер бар.

Қатысушылар республи­ка­лық маңызы бар автожол бо­йын тазарту жұмыстарымен қатар, «Вандализмге жол жоқ» акциясы аясында Жаңақорған ауданындағы Сығанақ қала­шығы айналасында тазалық жұ­мыстарын жүргізді. Ал Шие­­лі ауданындағы іс-шара ба­ры­­сында Мәжіліс депутаттары аудан тұрғындарына арнайы қабылдау өткізсе, «Жас­тар рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандирова аудан жастарымен кездесіп, пі­кір алмасты. Қабылдаулар мен кездесулер барысында тұр­ғындар сұрақтарына жауап алды.

Атап өту керек, эстафета ая­­сында тазалық сақшылары 4 облыс, 1 қала және 15 аудан ау­­ма­ғына тазалық жұмыста­рын жүргізіп, 10 мың тоннадан астам қоқысты қайта өңдеуге жөнелтті.

Эко-акцияны қорытын­ды­лау шарасына қала әкімі Нұр­жан Ахатов, «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының атқарушы хат­шысы Ләйлә Төрешова, пар­тия­ның облыстық филиалы жанындағы экологиялық ке­ңес төрағасы Жорабек Нұ­рым­­­бет­ов, еңбек ардагер­лері мен белсенді жастар қаты­сып, риза­шы­­лық біл­дірді.

Тазалық жан­ашыр­лары осы­лайша респуб­ликалық ма­ңы­зы бар автожол бойын тұр­мыстық қалдық­тар­дан тазартып, эколо­гиялық мә­дениетті қалып­тастыруға үлес қосты. Жалпы, ауқымды іс-ша­раға 3 мыңға жуық белсенді жас қатысты.