Қызылордалық полицейлер суға батып бара жатқан студентті құтқарды

191

Қызылорда облысы Жалағаш ауданында полиция қызметкері суға батып бара жатқан студентті құтқарып қалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиға 5 маусым күні жергілікті уақытпен сағат 11:30 шамасында Жалағаш ауданында орын алған. Аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Ержан Абдраманов суға батып бара жатқан ер азаматтың өмірін сақтап қалды.


«Аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Абдраманов Ержан Асылханұлы және патрульдік полиция тобының аға инспекторы, полиция лейтенанты Өтеш Ернұр Өміртайұлы қызмет бабымен аймақты аралап жүрген болатын. Сол сәттің бірінде көлік алдынан жергілікті тұрғын жүгіріп шығып, көліктерін тоқтатуын сұраған. Жергілікті тұрғын Бұқарбай батыр елді мекеніне қарасты «Северный» каналында бір азаматтың суға батып бара жатқандығын айтып, көмектесуін өтінді. Ержан еш ойланбастан жігітті аман алып қалу мақсатында суға секірді. Жігітті жағаға шығарып, оған дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетті», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.