ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУ: КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ АТА ЗАҢ ЖОБАСЫН ТҮСІНДІРДІ

1 516

Фото: © Төретам Меруерт сауда үйіБүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аумақтық коалиция мүшелері Төретам кентіндегі «Меруерт» сауда үйінде экспромт-кездесу өткізіп, жаңа Ата заң жобасының негізгі бағыттары мен басымдықтарын кеңінен түсіндірді,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында тұрғындар Конституция жобасының мазмұны, оның қоғам дамуына ықпалы және әрбір азамат үшін маңызы туралы жан-жақты ақпарат алды.Фото: © Төретам Меруерт сауда үйі

Ашық диалог форматында өткен кездесуде тұрғындар өз сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді. Өз кезегінде коалиция мүшелері қойылған сауалдарға жауап беріп, тұрғындармен тиімді кері байланыс орнатты.

Алдағы уақытта да экспромт-кездесулер жалғасын тауып, тұрақты түрде жүргізіледі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.