Әскери-патриоттық жұмыс бойынша республикалық үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

2 540

Фото: Қызылорда облысының әкімдігіҚазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Кариннің қатысуымен жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режимде қатысты.

Өңірде жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, азаматтарды әскери қызметке шақыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Облыс әкімдігінің «Әскери- патриоттық тәрбиелеу бойынша аумақтық үйлестіру кеңесін құру және ережесін бекіту туралы» қаулысы бекітілді. Барлық деңгейдегі жастар ресурстық орталықтары жанында «Жас сарбаз» қозғалысы бар, 3 мың жас облыстық қозғалыстың мүшелігіне тіркелген.

Биыл «Жас сарбаз» қозғалысы білім беру ұйымдарында 70-тен аса патриоттық шара өткізіп, оған 10 мыңға жуық жасөспірім қамтылды. Әскерге шығарып салу, ардагерлермен кездесу, «Ерлік сабағы», «Біртұтас ел – біртұтас жер» шаралары тұрақты өткізіліп келеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.