Алматыда коронавирустың "үнді" штамын жұқтыруы ықтимал тағы бір науқас тіркелді

423

Фото: pixabay.comАлматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мегаполистегі коронавирустың анықталған болуы мүмкін "үнді" штамы туралы айтты. Оның сөзінше, екінші ықтимал жағдай баладан анықталған.


"Қазір "үнді" штамын жұқтырған болуы мүмкін науқас тек екеу ғана - 1983 жылы туған әйел мен 2013 жылы туған бала. Олар Саялыдағы жұқпалы аурулар ауруханасында. Байланыста болғандар ретінде үйіндегілердің ауырғаны туралы ақпарат жоқ", - деп хабарлады Мырзағали. 


Еске сала кетейік, бұған дейін Жандарбек Бекшин Алматыда COVID-19-дың "үнді" штамы анықталған болуы мүмкін екенін растаған еді. 


Сондай-ақ, "үнді" штамы Алматыдан да анықталған болуы мүмкін екенін Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау депа
ртаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов та мәлімдеген болатын. 


Одан бөлек, Жандарек Бекшин "үнді" штамын жұқтырған болуы мүмкін пациент туралы да ақпарат берді.


 "Алматыда бір ғана жағдай тіркеліп отыр, десе де біз онымен байланыста болған барлық адамдарды тіркеуге алдық. Бұл пациент - үй шаруасындағы әйел, оның күйеуі жұмыс істейді және жұмыс бабымен көп жолға шығып жатады. Бірақ ол ақпан айында коронавируспен ауырып шыққан... Дерттің таралмауы үшін алдын ала қажетті шараларды қабылдап жатырмыз", - дейді Жандарбек Бекшин.