Қызылорда тұрғыны түзеу мекемесіне телефон лақтырмақ болған жерінен ұсталды

1 512

Фото: ҚАЖДҚызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жедел тобы мен №60 мекеменің жедел бөлімінің қызметкерлері түзеу мекемесінің тыйым салынған аумағына белгісіз заттарды лақтырмақ болған қала тұрғынын ұстады. 

Оқиға орнына Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды. Ұсталған азаматты тексеру барысында скотчпен оралған зат табылды. 

Оның ішінен үш телефон тәркіленді. 

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1-бөлігіне сәйкес материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қаласының әкімшілік сотына жолданды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.