Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мәжіліс отырысы өтті

2 704

Фото: Қызылорда облысының әкімдігіОблыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте өңірдегі жобалардың іске асырылуы, құрылысы жүріп жатқан нысандардағы жұмыс барысы, басқа да өзекті мәселелер талқыланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жауапты басқарма басшылары тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың құрылыс қарқыны туралы баяндады. Аймақ басшысы жұмыстың кестеге сәйкес жүргізілуін қатаң қадағалауды ескертті. Әсіресе, әлеуметтік нысандарды уақытылы аяқтап, қолданысқа беру өте маңызды екені айтылды.

Мұнан бөлек, республикалық бағдарламаларға мониторинг жүргізу, тазалық және алдағы көктемгі маусымда көркейту-көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру, бюджет қаражатын тиімді игеру мәселелері талқыланды.

Мәжіліс соңында Нұрлыбек Машбекұлы жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма берді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.