«Рамазан сыйы»: Шиелі аудандық орталық мешіті республикалық марафонға үлес қосты

2 562

Фото: Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметіҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Рамазан сыйы» республикалық телемарафоны өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Аталған шарада орталық мешіт 100 отбасына азық-түлік таратты. Діни басқарманың 35 жылдығына және Рамазан айының құрметіне орай ұйымдастырылған қайырымдылық марафонында еліміз бойынша 3500 отбасына қажетті азық-түлік себеттері таратылды. Айта кетейік, бір мезетте еліміз бойынша мешіт имамдары, «Зекет және қайырымдылық» қорының қызметкерлері мен еріктілері, дін жанашырлары, демеуші азаматтар атсалысты.

Берекелі айда бастау алған бұл жоба жыл бойына жалғасын табатын болады. Жоспар бойынша 35 000 отбасыны қамту көзделген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.