ЖАҢАҚОРҒАН ӘКІМІНІҢ ӨТІРІГІ АШЫЛДЫ

5 807


Жаңақорған ауданы әкімінің
«өтірік» сөзі үшін желіде ел ашуын туғызды, - деп хабарлайды “Opennews.kz” ақпарат агенттігі. 

 


Естеріңізде болса Еуразия бірінші арнасының тілшілер тобы Жаңақорған ауданында болған болатын. Негізгі келу мақсаты жұмыс орнында күйік шалып, ауыр жарақат алған Жомарт Нармамбетұлының жағдайын білу еді. Аудан орталығына келген тілшілер тобы бір топ аудан тұрғындарының мәселелеріне де назар аударып, ауданы әкімі Мұрат Тілеуімбетовтың соңынан іздеп, әрең тауып қабылдауына да кірді.  



Әкімнің қабылдауын күткен қаншама тұрғын мәселелерінің шешілмегеніне қапалы. Тіптен әкімге кіре алмай жүргендерін жеткізді. Әлеуметтік, құқықтық мәселелермен келген топты да көруге болады.



Аудан әкімін іздеген тілшілерге әкім орынбасары Бектас Нұридинов ауданға қарасты шалғай орналасқан Қаратөбе ауылында деп өтірік айтпақ болғанын көруге боладыОның өтірігін Қаратөбе ауылының әкімдігі өкілі тілшілермен телефон арқылы сөйлескенде жайып салады.  Артынша әкімнің қабылдау бөлімінен хатшы қыз әкімнің өз кабинетінде отырғанын жеткізді. 

Сол кездесуге Сунақата ауылынан жалғызбасты ана Орынкүл ханым қатысып, жұмыс сұрап, бала шағасына мектепке дайындалуға қажетті құрал-жабдықтар сұраған. Әкім өзінің барлық уәдесін үйіп-төгіп жылы шығарып салады.  Алайда уәденің соңы орындалмай қалғанға ұқсайды. 


Жаңақорған ауданының халықпен кездесуге асықпаған шенеунік жайында қызу талқыға түскені жасырын емес. Естеріңізге сала кетсек, “ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫ ӘКІМІ: ӘКІМДІКТІ МАҚТАЙТЫНДАРДЫ ЖИНАП БЕРСЕМ ҚАЛАЙ БОЛАДЫ?атты мақаламыз жарық көрген болатын. Халықпен кездесу үшін проводниктің қажеті жоқ деген аудан әкімі жайында жалпы аудан халқы тани ма?




«Көреміз» бағдарламасының тілшілері аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлына телефон арқылы хабарласқанда «ол анаға екі балаға 80 мың бірнарсе теңге берілді және құрал жабдықтар тағы берілді уәде еткендей» деп қысқа қайырады. Алайда қызықтың көкесі сосын болады. Тілшілер жалғызбасты анаға хабарласқанда 80 мың теңге емес, 40 мың теңге ғана берілгені белгілі болды. Әкімнің өтірік сөзі желіде қызу талқыға түсті. Тіптен әкімдік өкілдерінен жалғызбасты анаға түрлі қысымдар жасалып жатқаны да айтылады. Ал аудан әкімдігінің бұндай әрекеттері желі қолданушыларының наразылығын тудыруда.