Әділет генерал-майоры Бауыржан Бердалин дүниеден озды

281
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің бұрынғы төрағасы, әділет генерал-майоры Бердалин Бауыржан Маратұлы 62 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

"Бауыржан Бердалин еліміздің пенитенциарлық жүйесінің қалыптасуына және қылмыстық-атқару заңнамасын дамытуда орасан зор үлес қосқан. Жоғары жауапкершілік сезімімен өз міндетін адал орындап, жазаларды орындау саласында бар күшін, білімі мен тәжірибесін бөлісуден аянып қалмады", - делінген хабарламада. 
Бауыржан Маратұлы өмірінің көп жылдарын Кеңес Одағы мен Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі органдарындағы қызметке арнады.
 
Пенитенциарлық жүйедегі еңбек жолын 1985 жылы Қазақ КСР ІІМ еңбек-түзеу мекемесі бас басқармасының жедел бөлімінің аға жедел уәкілі болып бастаған.

Бауыржан Бердалин ұзақ жылдар бойы басшылық қызметтерді атқарып, 2011 жыл мен 2016 жылдары аралығында ішкі істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы болған. 

Ол екінші дәрежелі "Даңқ" ордені мемлекеттік наградасымен марапатталған.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жеке құрамы мен ардагерлер кеңесі Бауыржан Бердалиннің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына көңіл айтады.