Павлодар облысында суға батқан балаларды кездейсоқ өтіп бара жатқан азамат құтқарып қалды

344

Фото: pixabay.comПавлодар облысындағы Солнечный елді мекенінің тұрғыны ГРЭС-2 каналына батып бара жатқан жасөспірімдерді құтқарып қалды. 


Оқиға кеше, 24 мамырда, 18 сағат 35 минутта болған. "112" басқару пультіне ер адамның Екібастұз қаласының Солнечный кентінде суға батып бара жатқан балаларды құтқарғаны туралы хабарлама түскен. 


Белгілі болғандай 30 жастағы жергілікті тұрғын Денис Леонтьев есімді азамат ГРЭС-2 каналының маңынан өтіп бара жатып, суға батқан жеткіншектерді байқап қалған. 


Ер адам бірден көмекке ұмтылған. Құтқарылған жасөспірімдердің 2009 және 2010 жылдары туған балалар екені анықталды. Олар шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен. 
Балалар орталық аудандық ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілді. Қазіргі уақытта олар дәрігерлердің бақылауында. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.