Жалағашта орналасқан химия зауыты адам өміріне қауіпті ме?

2 690

Қызылорда облысына қарасты Жалағаш ауданының тұрғындары  тыңайтқыш өндіретін зауыт экологияға зиян келтіретіндігін айтуда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 



Жалағаш ауданының тұрғындарының бірі тұрғынүйлердің ортасынан салынған тыңайтқыш өндіретін зауыттың адам өміріне қауіп төндіреді деп дабыл қағуда. «Агрохимсервис-С» ЖШС-нің түйіршіктелген азот тыңайтқыштарын өндіру зауыты 2020 жылы іске қосылған. 


«Бұл жекеге алынған сельхоз химия денсаулыққа зиян келтіруде», - деп жазды ЕGOV PRESS парақшасына.


Жергілікті билік өкілдері денсаулыққа зиян емес екендігін атап өтуде.


«Жалағаш кентінде орналасқан зауыт «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы өз жұмысын бастады. Зауыт 4-классқа жататын қауіпсіз мекеме болып есептеледі. Шығаратыны сульфатты ұнтақ күйінде алып келген затты гранулаға айналдыру. Ол жерде күрделі химия процесі жүрмейді. Осы себепті тұрғындарға қауіпсіз болып саналады»,- деді Жалағаш ауданының баспасөз қызметі.



Тұрғындардың айтуынша, зауыттан тыңайтқыш алуға келетін жүк көліктері де өте көп. Олар да көшенің шаңын аспанға көтеріп, терезе аша алмаймыз дейді.


"Балдарға жара шығып көшіп кетіп жатыр мына жерден. Мінекей, қышымамыз міне. Үстіміздің бәрі аллергия. Осының бәрі осы удан", - дейді Мариямкүл есімді аудан тұрғыны.


Ал басқармадағылар бұл мәселеге қатысты тұрғындар тарапынан ешқандай арыз-шағым түскен жоқ дейді. Олар зауыттың қоршаған ортаға зияны жоқ екенін айтады.


"4 класс қауіпсіз мекеме болып есептеледі. Шығаратыны сульфатты ұнтақ күйінде алып келген затты гранулаға айналдырады. Ол жерде күрделі химия процесі жүрмейді. Тек ұнтақты гранулаға айналдырады", - дейді облыстықкәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Ринат Сұлтангереев.


Басқарма басшысының орынбасары алдағы уақытта өндіріс орнына тексеру жүргізетіндерін айтты. Ал тұрғындар зауытты басқа жаққа көшірсін деп талап етуде.


Біле білсек, сульфаттар шаш пен теріні тотықтырып, олардың үстінде жұқа қабық қалдырады, бұл шаш пен дермистің құрылымына деструктивті әсер етеді. Тіпті тітіркенуді, құрғақтықты және қайызғақты тудырады. Сонымен қатар терінің қартаюына ықпал етіп, қандағы басқа косметикалық компоненттермен және нитраттармен әрекеттесіп, канцерогендер түзетіндігі тағы бар.