Қызылорда облысында сайлаушылардың 90,75%-ы дауыс берген
Қызылорда облысында Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауында сайлаушылардың 90,75%-ы дауыс берген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Осы көрсеткішпен өңір республика бойынша үшінші орынға шыққан.
Орталық сайлау комиссиясының сағат 20:00-дегі алдын ала мәліметіне сәйкес, ел бойынша 9 352 151 азамат, яғни сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берген.
Қызылорда облысында сайлаушылар тізіміне 500 591 адам енгізіліп, дауыс беру 386 учаскеде өткен. Сайлау учаскелерінде 2 720 комиссия мүшесі жұмыс істеген.
Дауыс беруге қимыл-қозғалысы қиын азаматтарға да жағдай жасалған. Оларды тасымалдау үшін 67 инватакси қызмет көрсеткен, сондай-ақ 45 сурдоаудармашы ымдау тілі қызметін ұсынған.
Қаз
Рус






