Қызылорда облысында сайлаушылардың 90,75%-ы дауыс берген

1 511

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: gov.kzҚызылорда облысында Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауында сайлаушылардың 90,75%-ы дауыс берген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Осы көрсеткішпен өңір республика бойынша үшінші орынға шыққан.

Орталық сайлау комиссиясының сағат 20:00-дегі алдын ала мәліметіне сәйкес, ел бойынша 9 352 151 азамат, яғни сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берген.

Қызылорда облысында сайлаушылар тізіміне 500 591 адам енгізіліп, дауыс беру 386 учаскеде өткен. Сайлау учаскелерінде 2 720 комиссия мүшесі жұмыс істеген.

Дауыс беруге қимыл-қозғалысы қиын азаматтарға да жағдай жасалған. Оларды тасымалдау үшін 67 инватакси қызмет көрсеткен, сондай-ақ 45 сурдоаудармашы ымдау тілі қызметін ұсынған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.