Қызылордада жазасын өтеушілер жақындарымен жүздесті

1 510

Фото: ҚАЖОтбасы күніне орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде жазасын өтеушілердің жақындарымен жүздесуіне мүмкіндік берген «Ашық есік күні» ұйымдастырылды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту, отбасының сотталғандарды тәрбиелеу және қоғамға қайта бейімдеу, жақындарымен байланыстарын үзбей, оларды нығайту.

Ашық есік күніне келген сотталғандардың жақын туыстарына мекеменің күнделікті тыныс-тіршілігі таныстырылды. Олар сотталғандарға арналған жатын орындарды, жуыну және тамақтану бөлмелерін, кітапхана мен дүкенді аралап көрді. Сондай-ақ олар жазасын өтеп жатқан жақындарымен еркін әңгімелесіп, өзара пікір алмасты.

Мұндай кездесулер жазасын өтеушілер үшін жақындарының қолдауын сезінуге, отбасыменФото: ҚАЖ байланысын сақтауға және алдағы өміріне жауапкершілікпен қарауға ықпал етеді. Себебі отбасының қолдауы – адамның түзелуіне және қоғамға қайта бейімделуіне әсер ететін маңызды факторлардың бірі.

Фото: ҚАЖІс-шара соңында сотталғандардың жақын туыстары мекеме әкімшілігіне ризашылықтарын білдіріп, мекеме басшысына алғыс жазды. Олар осындай мазмұнды кездесулердің ұйымдастырылғанына алғыстарын айтып, отбасы мүшелерімен жүздесудің өздері үшін де, жазасын өтеп жатқан азаматтар үшін де маңызды екенін жеткізді.

 «Әкеме жағдайын білу үшін арнайы келдім. Онымен жүздесіп, сөйлесіп, жағдайын өз көзіммен көргеніме қуанып қалдым. Әкемнің жағдайы жақсы екенін көріп, көңілім орнына түсті. Осындай мүмкіндік ұйымдастырған мекеме әкімшілігіне алғысымды білдіремін», – дейді жазасын өтеушінің қызы.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.