Қармақшы ауданының әкімі І жартыжылдықтың есебін берді

2 521

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қармақшы ауданының 2024 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен атқарылған жұмыстарының есебін берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы жыл сайын өркендеуде. Қазіргі таңда аудан бюджеті 17 млрд. 177 млн. теңгені құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 3 млрд. 163 млн. теңгеге немесе 18,4 пайызға артқан. Оның ішінде, ауданның өз кірістері 2024 жылға  2 млрд. 441 млн. теңгені құрауда. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 386 млн. теңгеге немесе 15,8 пайызға өскен.

"Өнеркәсіп өнімі көлемінің индексі 100,3 пайызды, өңдеу өнеркәсібі көлемінің индексі 100,1 пайызды, ауыл шаруашылығы өнімі көлемінің индексі 103,7 пайызды, негізгі қорға салынған инвестиция көлемінің индексі 143,0 пайызды, құрылыс жұмыстары көлемінің индексі 129,1 пайызды, тұрғын үйді пайдалануға берудің индексі 105,0 пайызды, бөлшек сауда көлемі 102,5 пайызды құрады.", - дейді аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы.

Сырдария өзеніндегі су көлемінің азаюына байланысты 2023 жылмен салыстырғанда күріш көлемі 500 гектарға қысқаруына байланысты 2024 жылы жалпы көлемі 25 231 гектар алаңға егіс орналастырылды. Оның ішінде күріш көлемі 13 270 гектар.

Сонымен қатар, облыс әкімінің «Тұрғындардың өзін-өзі әлеуметтік маңызы көкөніс және бақша өнімдерімен қамтамасыз етуін қалыптастыру» туралы тапсырмасы негізінде 408 гектар бақшалық жерлер дайындалып, 930 отбасыға бөлініп берілген.

Қармақшы ауданы бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерілік субъектілер саны - 3585,  мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде жалпы құны 795,2 млн. теңге болатын 52 жобаға несие беріліп, 77 азамат 113,7 млн. теңге грант алған кәсіп иелері де бар.

"2024 жылдың мамыр айында Жосалы кентінде «АНК-Даулет» ЖШС газоблоктар өндіретін шағын зауыты, Жаңажол ауылдық округінде наубайхана және кондитерлік цехы, Төретам кентінде «С-тройка» өндірістік кооперативінің бетон бұйымдарын өндіру цехы іске қосылды.",- дейді әкім өз есебінде.

Жүргізіліп жатқан жобалар нәтижесінде аудан халықының өмір сүру сапасын арттыруды қамтамасыз ету, әлеуметтік нысандарды салу, ауыз сумен қамтамасыз ету, электр беру желілерді қайта жаңғырту және газбен қамту мәселелері түбегейлі шешілетін болады.


"Бірінші кезекте, жеке тұрғын үйлері жоқ Жосалы кентінде халықтың әлеуметтік осал топтарына және кезектілікте тұрған азаматтарға 100 пәтер сатып алу жоспарлануда (қаржысы 1 млрд. 463,9 млн.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 101,7 млн.теңге 8 пәтерге, облыстық бюджеттен кредит есебінен 1 млрд. 362,2 млн.теңге 92 пәтерге). Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары жүргізілуде." - дейді Жандос Еркінбекұлы.


Ақай ауылындағы табиғи газға қосу жұмыстары аяқталып, 2023 жылғы қараша айында пайдалануға беріліп, 672 тұрғын үй газға қосылды. Ал, Төретам кенті бойынша құрылыс жұмыстары биыл аяқталып, ағымдағы жылдың маусым айында пайдалануға беріліп, бүгінгі күні 206 үй табиғи газды пайдалануда.

Аудан бойынша аса маңыздылығы бар Дүр Оңғар ауылына дейінгі және ауылішілік газ желісінің құрылысының басталуына облыстық бюджеттен 1 млрд.теңге қаржы бөлініп,  мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.  Дүр Оңғар ауылына газ жеткізілген жағдайда сол аймақтағы басқада 10 елді мекендерін газдандыру жұмыстарына мүмкіндік тудырары айқын. Осы жобалар іске асқанда аудан тұрғындарын газбен қамту үлесі артатын болады. 
Бұдан бөлек, Жосалы кентінде жаңадан ашылған "Тәуелсіздік" ықшам ауданының үйлеріне газ желілерін жеткізу құрылысы жүргізілуде. Жоба құны 777,4 млн.теңге. Ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Жосалы кентіндегі "Тәуелсіздік" шағын ауданының тұрғын үйлеріне су құбыры желісін жеткізумен бірге, кентішілік су құбыры желісін салу. "Түзету" жұмысына 9,5 млн.теңгеге жобалау сметалық құжаттама әзірленіп, қаражат бөлдіру мақсатында бюджеттік өтінім тапсырылды.", - дейді Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбекұлы. 


Жосалы кентінің тұрғындары үшін өзекті мәселенің бірі бұл - Мырзағалиева көшесінде темір жол өткелі. Қазіргі таңда құрылысының жоба-сметалық құжаттамасын әзірленіп, мемлекеттік сараптама қарауына ұсынылды.


"Өткен жылы Дауылкөл, Ақжар және Жаңажол ауылдық округтерінде дәрігерлік амбулаториялар салынып, пайдалануға берілді. Осы үш дәрігерлік амбулаторияға ағымдағы жылы        3 жаңа жедел жәрдем көлігі табысталса, сонымен қатар күні кеше  қосымша 4 жаңа жедел жәрдем көлігі ауданға келді.", - дейді аудан әкімі.


Еліміздің әл-ауқатын дамыту мен экономикасын жетілдіру жолындағы ұстанған басты басымдықтарының бірі білім беру саласы екені белгілі. 649 ҰБТ-ға қатысқан оқушылардың ішінде 181 оқушы жүз және жүзден жоғары балл жинағаны да жасырын емес.  

Аудан тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған құрылыс, жөндеу, абаттандыру және көркейту  жұмыстарына 2023 жылы 7 млрд. теңгеге жуық қаржы қаралса, 2024 жылы бұл бағытқа 11 млрд. теңгеге жуық қаржы қаралып, жоғарыда айтып өткен жұмыстар жүргізіліп жатқандығын да тілге тиек еткен аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы әлі біршама жақсы бастамалардың бар екендігін атап өтті.