«Ауыл аманаты» жобасы аясында кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырылды

2 275

Қармақшы ауданының әкімдігіАудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін атқарушы Шыңғыс Әбділәмитұлының төрағалығымен «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша жұмысшы топтың кәсіпкерлермен кездесуі өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Кездесудің негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, бағдарламаның іске асырылу барысы мен мемлекеттік қолдаулар жөнінде түсіндіру.

Жиын барысында сала мамандары мен жұмысшы топ мүшелері – Индира Сансызбайқызы, Бахыткүл Әділбекқызы, Күндібай Мырзабайұлы және басқа да қатысушылар түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кәсіпкерлердің сауалдарына жауап беріп, кеңестерін ұсынды.

Жиын соңында сұрақ-жауап, пікір алмасу ұйымдастырылып, кәсіпкерлер бағдарламаның тиімді тетіктері мен шарттары туралы нақты ақпарат алды.

Айта кетейік, Қармақшы ауданы бойынша «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2023 жылдан бері жалпы сомасы 486,7 млн теңгені құрайтын 77 жобаға жеңілдетілген несие берілген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.