Алты миллион теңгеге жуық қаржыға салынған әжетханалар қаңырап тұр

302
Шығыс Қазақстанда бір әжетхананың құны алты миллион теңге. Қыруар қаржыға салынған дәл осы дәретханалар қазір істемей айдалада тұр. Ал өңірдегі мемлекеттің "Нұрлы көш" бағдарламасымен салынған үйдің қазіргі құны алты жүз мың теңге. Арзан пәтерлер Өскеменде тұрса да, иелері құлағалы тұрған баспанамыздың құны сол әжетханадай болмады ғой деп ашынады. 

Көпшіліктің талқысына түскен әжетханалар Катонқарағай ауданында салынған. Бірі аудан орталығы Үлкен Нарын ауылында. Енді бірі Берел қорғанының маңында. Барлығы бес дәретхана. 

"Әрқайсысының құны алты миллион теңгеге жуық. Іші жылы, суы бар. Тіпті осы үшін бір тазалықшы айлық алып отыр. Бірақ сол дәретханалардың игілігін көрген ел аз. Есігі жабық. Тұтқасы сынық" дейді телеарна тілшісі. 
Бұл мәселеге қатысты Катонқарағай ауданының әкімі Ділдар Қалиқанұлы пікір білдірді. 

"Өкінішке орай, қыс айлары болғандықтан, суық болғандықтан, іші дұрыс жылу ұстамағандақтан, қазір кей
әжетханалар істен шығып тұр", - деді ол. 

"Аумақтық басқару орталығы" филиал директорының міндетін атқарушы Тілеухан Жильяз болса, Бұл үйлер алғаш осыдан он жыл бұрын "Нұрлы көш" бағдарламасымен салынған кезде бес миллионға бағаланғанын жеткізді. 

"Халыққа несиеге берілген. Бастапқы бірнеше айында халық төлеген. Одан халық шулаған соң үкімет жалдамалы үй ретінде ауыстырған", - деді ол.

Үйлердің сапасына да сын көп айтылған. Қағаз үй деп қаншама халық шулап көшіп те кеткендері көп.