Қызылордада екі жем зауытының құрылысы көзделуде
Кездесуде аймаққа инвестиция тарту мәселесі талқыланды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Қазақ пен мажар – түбі бір түркі жұртының ұрпақтары. Екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі әріптестіктің нәтижесінде Мемлекет басшыларының сапарлары дәстүрге айналған. Соның бір айғағы ретінде Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок мырзаның 2025 жылғы қазан айында Қазақстанға жасаған ресми сапарын ерекше атап өтуге болады. Инвестициялық ынтымақтастық бағытында да маңызды қадамдар жасалуда.
Өткен жылдың қараша айында UBM Group компаниясы мен еліміздің Сыртқы істер министрлігі және Kazakh Invest өкілдері арасында мазмұнды кездесу өтті. Жиын барысында UBM Group компаниясы Қазақстандағы премикс және құрама жем зауыттарын салу барысын таныстырған.
Компания жобаның екінші кезеңі аясында тағы 2 құрама жем зауытын салуға ниетті екенін растаған. Бүгінде қалған екі зауыттың салынатын орны талқыланып жатқандықтан, жаңа өндіріс алаңы үшін ең тиімді аймақ ретінде Қызылорда облысын қарастыруды ұсынған.
Басқосуда елші Байқоңыр ғарыш кешеніне жасаған сапары ерекше әсер қалдырғанын атап өтіп, алдағы уақытта инвестициялық ынтымақтастық бағытында нақты әрі маңызды қадам жасауға ниет білдірген.







