Жаңақорғанда санитарлық тазалық жұмыстарына мониторинг жүргізілді

2 375

Фото: Жаңақорған аудан әкімдігіБүгін аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридиновтің жетекшілігімен Жаңақорған кенті орталығындағы «Нұр» базарына санитарлық талаптардың сақталуына байланысты мониторинг жүргізілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Мониторинг жұмыстарына кент әкімдігі, аудандық кәсіпкерлік бөлімі, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, полиция бөлімі мен төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдері қатысты.

Алдымен базар ішіндегі ет өнімдерін сату қатары мен қоғамдық тамақтану орындары қаралып, тазалық талаптарының жай-күйі тексерілді. Аудан әкімінің орынбасары базар басшысына ет өнімдерінің арнайы жабынмен қорғалуы тиіс екендігін және тамақтану орындарында санитарлық нормалардың орындалмауын атап өтті.

– Базарлар мен сауда нүктелері тұрғындар көп жиналатын орын болғандықтан, санитарлық жағдай барлық талаптарға толық сай болуы қажет. Әрбір кәсіп иесі өзінің жұмыс орнын таза ұстауға міндетті, – деді Бектас Балғабайұлы.

Сондай-ақ, базар маңындағы дүңгіршек иелеріне ескірген жарнамалық баннерлерді жаңарту қажеттілігі ескертілді.

Мониторинг нәтижесінде анықталған кемшіліктер бойынша аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және төтенше жағдайлар бөлімдерінің бақылау функцияларын күшейту тапсырылды. Сонымен қатар, кент әкімдігіне базар маңындағы санитарлық тазалық жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстау жүктелді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.