Қызылордада 3 күнде көші-қон талабын бұзудың 153 дерегі анықталды

2 261

Фото: Polisia.kz8-10 шілде күндері Қызылорда облысында «Мигрант» іс-шарасы ұйымдастырылды. Ондағы мақсат – облыс аумағына келген шетелдіктердің көші-қон заңнамасы талаптарын бұзу деректерін анықтау, оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту, іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Осы орайда шетелдіктер уақытша тіркелген үй-жайлар, салынып жатқан құрылыс нысандары, базарлар мен дәмханалар тексерілді.

– Іс-шара нәтижесінде 153 құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде шетелдіктер тарапынан жасалған 93 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. 22 адам республика аумағынан аластатылып, олардың бес жылға дейін Қазақстан аумағына кіруіне тыйым салынды. Ал шет мемлекет азаматтарының Қазақстанда болу ережесін сақтамаған және еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған 62 отандасымызға қатысты әкімшілік шара көрілді, - деді облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Сәбит Сатқанбай. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.