ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ НЕГІЗІНДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САПАСЫН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

1 504

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ НЕГІЗІНДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САПАСЫН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысының күн тәртібінде жасанды интеллект негізінде көрсетілетін мемлекеттік  қызметтердің экожүйесіне қатысты мәселе талқыланды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты. 

Үкімет отырысынан кейінгі мәжілісте Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылына орай бекітілген өңірлік іс-шара жоспарына тоқталды.             

«Облыстағы мемлекеттік органдар мен оларға бағынысты мекемелер 196 негізгі мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Сонымен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының облыстық филиалына қарасты 13 бөлім және 1 байланыс орталығы жұмыс істейді.

Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу үшін жергілікті атқарушы органдарда, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» ұйымдастырылған. 

Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін тұрақты бақылауда ұстау қажет», – деді облыс әкімі.

Жиында тұрғындардан келіп түскен өтініштердің мерзімінде орындалуы, еңбек ұжымдарындағы жұмысшылар құқығының қорғалуы талқыланып, жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырма жүктелді. 

Бүгінде барлық ауданда әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үйлер құрылысы басталды. Мұрат Нәлқожаұлы аудан әкімдеріне құрылысты уақытылы аяқтауды тапсырып, талапқа сәйкес келмейтін тұрғын үйлер қабылданбайтынын қатаң ескертті. 

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.