Орталық емханада Ашық есік күні өтті

2 511

Фото: kyzylorda-news.kzҚызылорда қалалық орталық емханасында Ашық есік күні өтті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Шараның басты мақсаты – тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі соңғы өзгерістермен таныстыру.

Іс-шара барысында жалпы тәжірибелік дәрігерлер мен бейінді мамандар ем алушыларға консультациялық-диагностикалық қызметтерді, күндізгі және тәуліктік стационарлық емдеуге жолдамалар ұсынды. Сондай-ақ, қала тұрғындары скринингтік және профилактикалық тексеруден өтті.

Тұрғын Салтанат Алтаева мұндай шаралардың өз денсаулығын бақылауға және дер кезінде медициналық көмек алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

 «Елімізде онкологиялық скринингтің барлығына қолжетімді болуы қуантады. Мен скринингтен өтіп, бейінді мамандардан кеңес алдым. МӘМС жүйесінде сақтандырылғандықтан, УДЗ және бірнеше зертханалық тексеруге жолдама берілді», – деді ол.

Қалалық орталық емханада қазір терапевт, кардиолог, невропатолог, эндокринолог және тағы 20-дан астам маман қабылдауда.

Терапевт-дәрігер Гүлзира Садықова Ашық есік күні аясында 200-ге жуық тұрғын кеңес алғанын жеткізді.

«2026 жылдан бастап МӘМС жүйесінде елеулі өзгерістер күтілуде: бірыңғай медициналық көмек пакеті, жаңа скринингтер енгізу және сақтандыру моделін кеңейту. Бұл медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған. «Сақтандырылған» мәртебесіне ие болу тиімді – пациент толық әрі кең ауқымды қызметтерді ала алады», – деді Гүлзира Садықова.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.