Қызылордада 100-ден астам сотталған адам қоғамдық жұмысқа тартылды

2 520

Фото: Қызылорда облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіҚызылорда облысында 1000-ға тарта адам облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің аудандық және қалалық пробация қызметтерінің есебінде тұр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Олардың арасында сот үкімімен қоғамдық жұмысқа тартылғандар да бар.

"Өткен жылы 100-ден астам адамға қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалды. Қазіргі күні соның 8-і қоғамдық жұмыс істеу арқылы жазасын өтеп жүр. Қалғаны белгіленген мерзімді толық өтеп, пробация есебінен шығарылды. Қоғамдық жұмысқа тартылғандар әкімдік белгілеген орындарды абаттандырумен, қар тазалаумен, тазалық жұмыстарымен айналысады. Бұл — жазаны өтеумен қатар, қоғамға пайдалы еңбек етуге мүмкіндік беретін шара.", — делінген хабарламада.


Пробация қызметінің негізгі мақсаты — сотталған азаматтарды қоғамнан оқшауламау, олардың қайта қылмыс жасауына жол бермеу, сондай-ақ оларды заңға бағынатын өмір салтына бейімдеу.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.