Қызылордада 500-ге жуық адам мас күйінде көлік жүргізген

2 515

Фото; PinterestЖол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда облысында жыл басынан бері 7 жедел-профилактикалық іс-шара өтті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, кешенді іс-шараларға қарамастан мас күйінде көлік басқарудың 490 дерегі тіркелді.

— Аталған құқықбұзушылықтар бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес 341 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. Заң талаптарына сәйкес оларға 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру және 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза көзделген. Көлік құралын басқару құқығы болмаса да қайтадан алкогольдік масаң күйде көлік тізгіндеген 20 адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 346-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалып, көлік құралдары айып тұрағына қойылды, — делінген хабарламада.

Осы орайда департамент азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, мас күйінде көлік басқармауға және өзінің де, өзгенің де өміріне қауіп төндірмеуге шақырады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.