Биыл екі мыңға жуық қызылордалық баспаналы болмақ

2 213

Сыр өңірінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылған жалпы ауданы 37,4 мың шаршы метр 592 пәтерлік 15 тұрғын үйдің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында барлық қаржыландыру көзі есебінен 692,3 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.


Аймақта мемлекет қаражаты есебінен 37,4 мың, жеке қаржы есебінен 654,9 мың шаршы метр үй салынуда.


Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспана бойынша Шиелі ауданында 72 пәтерлік 4 үй, кредиттік баспана бойынша Қызылорда қаласында 520 пәтерлік 11 үй тұрғындарға беріледі.


Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін 1000 пәтер, яғни Қызылорда қаласында 600 пәтер, Арал ауданында 100 пәтер және Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарында 50 пәтерден сатып алынбақ.


Облыстық бюджет қаржысы есебінен сатып алынатын 79 пәтердің 34-і жалғыз баспанасы апатты жағдайда деп танылған азаматтарға, 45 пәтер аз қамтылған көпбалалы отбасыларға беріледі.


Жыл соңына дейін кезекте тұрған 1671 отбасына тұрғын үй беріліп, кезек біршама азаяды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.