"Қызыл" аймақтағы өңірлер саны артты
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК ресми Telegram-каналында ұсынған ақпаратқа сәйкес, Шымкент қаласы "қызыл" аймаққа енді.
Коронавирустың таралуына қатысты Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Оған сәйкес, "қызыл" аймаққа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары енген.
Ал "сары" аймақта Ақтөбе, Алматы, Павлодар облыстары тұр.
"Жасыл" аймаққа Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары жайғасқан.